Ішіп алып көлік жүргізгендерді қатаң жазалау керек

Фотография - Ішіп алып көлік жүргізгендерді қатаң жазалау керек

Республикамызда ішіп алып көлік жүргізетіндердің кесірінен қаза болғандардың саны жыл өткен сайын артқаны Мемлекет басшысының ызасын тудырды. Президент оларды қатаң жазалаудың жолын қарастыруды Ішкі істер министріне тапсырды

143 0

Республикамызда ішіп алып көлік жүргізетіндердің кесірінен қаза болғандардың саны жыл өткен сайын артқаны Мемлекет басшысының ызасын тудырды. Президент оларды қатаң жазалаудың жолын қарастыруды Ішкі істер министріне тапсырды.

«Жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындар қаралы тізімді бастап тұр, ал екінші орында – осы жол апаттарынан қаза болатындар екен. Кеше мен Қасымовпен (ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымов) сөйлестім. Өткен жылы 2 145 адам жол апатынан көз жұмса, биылғы жылдың 9 айында олардың саны 3 273 адамға жетіпті, тағы 22 мың адам жарақат алған. Не деген сұмдық, бұған көзімізді жұмып қарап отыра береміз бе?!», - деп ызаланды Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

«Талапты күшейтуіміз керек! Көлікті ішіп алып жүргізгендерді қылмыскер деп айтуға негіз бар. Оған қатысты заңда көрсетілген ең қатаң жазаны қолдануымыз керек. Осыны Қауіпсіздік кеңесімен бірге ойланып, шешім шығарыңдар. Заң тұрғысынан тағы не істей алатынмызды жақсылап қарастырыңдар», - деді Мемлекет басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!