Елбасы Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды

Фотография - Елбасы Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды

239 0

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғынүйжинақбанкі төңірегіндегі былықты сынға алды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған банктің басшылық қызметкерлері миллиондаған теңге жалақы ала отырып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пәтерлерді жеңілдікпен сатып алған. «Маған жаңа баспана төрағаға, оның орынбасарларына, банктің Алматыдағы филиалының директорына, оның ағасына, департамент директорына, оның апайына бөлінгендігі туралы анықтама берді. Банктің басқарушы директоры, оның ағасы, сондай-ақ кейіннен пәтерді үшінші тұлғаға сыйға тартқан ұлы баспана алған. Мен уақытымды шығындау мынау далбасаны істер іс болмағаннан кейін тізбек атап отырғаным жоқ. Мен қарап отырмын, банктің 20-дан астам қызметкері бар. Біз сонда банкті оның қызметкерлері үшін құрдық па?» - деді Елбасы.

 


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!