Стандарттау жұмыстарын жүргiзбеген техникалық комитеттер жойылуы мүмкін

Фотография - Стандарттау жұмыстарын жүргiзбеген техникалық комитеттер жойылуы мүмкін

 Бұл жөнiнде бүгiн Астанада өткен 14 қазан - Дүниежүзiлiк стандарттар күнiне арналған дөңгелек үстел кезiнде Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы Бiржан Қанешев мәлiмдедi.

303 0

Соңғы үш жылда стандарттау бойынша жұмыс жүргiзбеген техникалық комитеттердiң көзiн жою қажет. Бұл жөнiнде бүгiн Астанада өткен 14 қазан - Дүниежүзiлiк стандарттар күнiне арналған дөңгелек үстел кезiнде Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы Бiржан Қанешев мәлiмдедi.

«Стандарттар қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыруда, өмiр сүру сапасын жақсарту, экономиканы дамытуда үлкен рөл атқарады және халықаралық нарыққа шыға алатын сапалы өнiмдердiң шығарылуына ықпал ете алады. Елiмiздiң ДСҰ-ға кiруi аясында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкте ықпалдастық процестерiн тереңдету жағдайында техникалық талаптардың деңгейiн белгiлеуде стандарттаудың алдында жаңа мiндеттер туындады. Стандарттау инновациялық және жоғары технологиялық өнiмдердiң шығарылуы мен айналымға түсуiн қамтамасыз етуi тиiс», - дедi комитет басшысы.

Оның айтуынша, бүгiнде елiмiздегi техникалық комитеттер барлық саланы қамти алмай отыр.

«Жаңа технологиялық стандарттарға көшуде бiзге техникалық комитеттердi құру мәселесiн қайта қарастыру қажет. Бұл ең алдымен тұтынушылар, өндiрушiлер, ғылыми-зерттеу институттары, кәсiпкерлердiң ұлттық палаталары өкiлдер мен конструкторлық бюроларға қатысты. Сонымен қатар, халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердiң қатысуын, мұндай отырыстардың Қазақстанда өтуiн қамтамасыз ету керек. Ол үшiн ағылшын тiлiн меңгерген техникалық сарапшылардың болуы мен жаңа технологияларды жетiлдiру мiндетi тұр. Сондай-ақ, соңы үш жылда стандарттау бойынша жұмыс жүргiзбеген техникалық комитеттердiң көзiн жойып, жаңа құрамда оның жұмысын жаңғырту қажет. Қазiргi техникалық комитеттер Қазақстандағы барлық саланы қамти алмай отыр. Мысалы, химия өнiмдерi саласы, ветеринария, елiмiзде дамып келе жатқан жаңа сала автоөнеркәсiпте, туризм саласында техникалық комитет жоқ. Осыған байланысты, «Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның бас директоры Арман Шаққалиевке он күн iшiнде техникалық комитеттердiң жұмысына талдау жүргiзiп, аталған мәселе бойынша ұсыныс жолдауды тапсырамын», - дедi Б.Қанешев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!