«Эйр Астана»: Қызу қанды жолаушыларға кісен салынады

Фотография - «Эйр Астана»: Қызу қанды жолаушыларға кісен салынады

Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ-ның үкіметтік, заң және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аға вице-президенті Ербол Оспанов мәлімдеді

170 0

«Эйр Астана» жолсеріктеріне жағдай ушығып кетсе, қызу қанды жолаушыларға қарсы пластикалық кісен қолдануға рұқсат етілді. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ-ның үкіметтік, заң және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аға вице-президенті Ербол Оспанов мәлімдеді.

«Жолсерікті даярлау – күрделі үдеріс. Жолсеріктің бірінші міндеті – қызмет көрсету емес, төтенше жағдай кезіндегі әрекеті. Сондықтан олар алғашқы көмек көрсетуге, эвакуация кезінде, өрт сөндіру, босану жағдайлары кездескен кезде жолаушыларға көмек көрсетуге дайын болуы керек. Мінезі қиын жолаушы – үлкен проблема. Олай дейтініміз, егер жолсерік физикалық күш көрсетуге тап болса, ол не істей алады, себебі ол қыз ғой», - дейді Е. Оспанов.

«Бастапқы іріктеу кезеңінде олар психологиялық іріктеуден өтеді, кейін әртүрлі тренингтерге қатысады. Қазіргі таңда олар ең соңғы тренингтен өтті. Ол – пластикалық кісендерді қолдану. Кісендерді ұшақ борттарына орналастырып жатыр, бұл аздаған уақыт алады. Бақытымызға орай, әзірге оларды қолданудың қажеттілігі болмады», - деп толықтырды ол.

«Эйр Астана» вице-президенті Ербол Оспановтың айтуынша, жағдай мүлдем шектен шықса ғана кісенді қолдануға болады. Егер жолаушы әуе қауіпсіздігі мен ұшу барысына қауіп-қатер туғызса, оның қолына кісен салынады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!