Астанада мерекелік айт намазы таңғы сағат 8.10-да оқылады

Фотография - Астанада мерекелік айт намазы таңғы сағат 8.10-да оқылады

 Астана қаласының барлық мешіттерінде 15 қазанда мерекелік айт намазы сағат 8.10-да оқылады, деп мәлім етті «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өспенов.

223 0

 Астана қаласының барлық мешіттерінде 15 қазанда мерекелік айт намазы сағат 8.10-да оқылады, деп мәлім етті «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай Өспенов.

«Құрбандық шалу шарасы ұйымдастырылатын негізгі орын – «Алтын таға» базары (Қосшы кенті). Одан бөлек келесі мекен жай бойынша мал сою орындары жұмыс істейтін болады: «Астаналық плюс азық-түлік комбинаты» ЖШС (Дулатов к-сі, 191), «Нұрбереке 555» ЖШС («Көк» базары), «Шаушен» шаруа қожалығы ( «Астана-Софиевка» а.ж., 9-шақырым), «Мақсат 2007» ЖШС (Теміржолшылар кенті, Ақжар к-сі, 20), «Темеш» шаруа қожалығы ( «Астана-Софиевка а.ж.,7-шақырым»), «Теміржолшылар» тұрғын алабы (Ақжар к-сі, 20)», - деп хабарлады «Нұр Астана» мешітінің найыб-имамы Төлеби Оспан.

Т.Оспанның хабарлауынша, Биылғы Құрбан айт мерекесінің құрметіне «Нұр Астана» орталық мешіті мен ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Құрбан шал!» сауапты акциясы өтеді.

«Құрбандық еттері Астана қаласы мен Ақмола облысындағы мұқтаж жандарға таратылады. Құрбан шалуға жағдайы жететін барша мұсылман бауырларымызды сауапты акцияға атсалысуға шақырамыз!», - деді найыб-имам.

Осы орайда Қазақстан халқы қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай үш күн – 13 пен 15 қазан аралығында демалатынын еске саламыз. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!