Н.Нығматулин бастаған депутаттар Қытайға сапарлайды

Фотография - Н.Нығматулин бастаған депутаттар Қытайға сапарлайды

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы 14-17 қазан күндері Қытай Халық Республикасына сапармен барады

171 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы 14-17 қазан күндері Қытай Халық Республикасына сапармен барады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінен.

Орталық таратқан ақпаратқа қарағанда, қазақстандық делегацияның Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен, Бейжің қаласындағы Қытай Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы Лю Цинмен кездесу өткізіп, Шэньси өлкесіне сапарлауы жоспарланған.

Келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдардың одан арғы негізгі бағыттары, парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру, елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде сәтті жүзеге асырылған заңнамалар бойынша пікір алмасу басты назарда болады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатындығы көзделуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!