ШҚО-да бір миллион тоннадан астам астық жиналды

Фотография - ШҚО-да бір миллион тоннадан астам астық жиналды

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында» белгіленген міндеттердің өңірде іске асырылуы жөнінде баяндады

187 0

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында» белгіленген міндеттердің өңірде іске асырылуы жөнінде баяндады.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімі өсімдік өнімдері өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралардан хабардар етті. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 77,6 мың гектарға, негізгі майлы және жемшөп дақылдарының егістік алқабы 62,8 мың гектарға ұлғайтылған. 370 мың гектар алқапта ылғал сақтау технологиясы енгізілген, құны 3,5 млрд. теңге болатын 340-тан астам ауылшаруашылық техникасы сатып алынған.

Аltaynews.kz-тың хабарлауынша, мемлекеттік қолдау шаралары арқасында өңірде бір миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл ұн, нан және нан өнімдеріне деген облыс тұрғындары сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда майлы дақылдардың жиын-терін жұмысы жүріп жатыр, оның түсімі гектарынан 11,4 центнерді құрайды.

Бердібек Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгеге жеткенін, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 2,6 миллиард теңге болғанын атап өтті - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Хат соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері еліміздің агроөнеркәсіп кешенін жеделдете дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!