Астанаға алғашқы ресми сапарымен Малайзия Сенатының басшысы келді

Фотография - Астанаға алғашқы ресми сапарымен Малайзия Сенатының басшысы келді

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Тан Сри Абу Захар Дато Ник Ужангамен кездесті

122 0

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Тан Сри Абу Захар Дато Ник Ужангамен кездесті.

Малайзия Сенатының басшысы Астанаға ресми сапармен алғаш рет келіп отыр. Қ.Мәми Қазақстан Малайзияны Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы елеулі және экономикалық әлеуетке ие беделді ел ретінде қарастыратынын жеткізді. Екі мемлекет басшыларының сындарлы қызметінің арқасында Қазақстан мен Малайзия өзара іс-қимылы жоғары деңгейіне қол жеткізді. Қазіргі кезде тараптар Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы сәуір айында Малайзияға барған мемлекеттік сапарының барысында қол жеткен келісімдерді іске асыруға күш салып отыр.

Қ.Мәми мәртебелі мейманды Қазақстан Парламентінің құрылымы және қызметімен таныстырды. «Сіздердің сапарларыңыз - мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа бір сатысы. Бұл сапар алдағы уақытта екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге тың серпін береріне сенімім мол», - деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың да табысты дамып келе жатқаны айтылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, іскерлік орталарда әріптестік байланыстар орнату үрдістері белсенді жүріп жатыр. Қазіргі кезде екі мыңнан астам қазақстандық студенттер Малайзияда білім алуда.

Сонымен қатар өзара іс-қимылдың екіжақты тетіктері - Қазақстан-Малайзия сауда-экономикалық комитеті мен Қазақстан-Малайзия Іскерлер кеңесінің қызметін үдету қажеттігі аталып өтілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстан мен Малайзия күн тәртібіндегі көптеген халықаралық мәселелер бойынша ортақ көзқарасқа ие екені айтылды. Халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл табысты жүзеге асып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!