Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Фотография - Мәжіліс бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

173 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Мәжіліс ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық-атқару кодексінің жобаларын жұмысқа қабылдады.

Сондай-ақ депутаттар «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлейді.

Осыған қоса, Мәжіліс «Кәсіптік одақтар туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Лотереялар және лотерея қызметі туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да қарайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!