Депутаттар папилломаға қарсы вакцинаның салдарына аса алаңдаулы

Фотография - Депутаттар папилломаға қарсы вакцинаның салдарына аса алаңдаулы

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутат Меруерт Қазбекова Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның балалардың денсаулығына тигізер зиянына аса алаңдаушылық білдірді

219 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутат Меруерт Қазбекова Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның балалардың денсаулығына тигізер зиянына аса алаңдаушылық білдірді.

«Ақ жол» партиясының фракциясы папилломаға қарсы вакцинацияның теріс салдарына қатысты екінші қайтара сауал жолдап отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігіне депутаттық сауалымызды 2012 жылдың қазанында жолдаған едік. Сол уақытта біз АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының мәліметтерін келтірген едік. Бұл елде осындай екпе жұмыстарынан кейін 93 адам мерт болған. Министрліктің екпе салу жөніндегі түсіндіру буклеттері тек жарнамалық сипатта болды және онда болуы мүмкін вакцина салдары туралы мүлдем айтылмаған», - деді депутат.

Оның айтуынша, батыс сарапшылары вакцина құрамына кіретін компоненттерге болуы мүмкін аллергиялық және өзге де реакциялар туралы ата-аналарды ескертуді талап етіп отыр. Бұл екпе бірқатар жағдайларда балалардың эпилепсия және сал ауруына шалдығуына әкеп соққан.

«Екпені таныстырған гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының профессоры Қазақстанда екпе салдырған қыздардың талып қалуы сирек жағдай емес екенін мойындады. Осындай жағдайлар жыл басында белгілі болғанымен, бірақ екпе жасау тек Павлодар облысында екі алтыншы сынып оқушысының комаға түсуінен кейін ғана тоқтатылған. Он айда қанша осындай жағдай орын алды?», - деді Қазбекова.

Депутат мәлім еткендей, мұнымен қоймай гигиена және эпидемиология ұлттық орталығы тек қыздарға ғана емес, ер балаларға да міндетті түрде папиллома вирусына қарсы вакцинаны жасауды ұсынған - деп хабарлады bnews.kz

«Бұл ретте дамыған елдерде бұл екпе жаппай жүргізілмейтінін атап өткім келеді. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы «Міндетті вакцинация жүргізуге асықпай отырған елдердің мүддесіне орай қазақстандық балалар эксперимент материалына айналып отырған жоқ па?» деген сауалымызды екінші қайтара жолдап отырмыз. Таза коммерциялық жоба деген күдігіміз күшейе түсуде. Өйткені, бұл бағдарламаға 30 млрд теңге қажет. Оның 10 миллиарды бюджетке енгізіліп үлгерді. Енді ер балаларға міндетті вакцина қою мәселесі бекер қойылып отырған жоқ», - деген күдігін жеткізді депутат.

Депутаттың айтуынша, ата-аналарға бұл вакцина жөнінде толық ақпарат берілу керек. «Ақ жол» фракциясы папиллома вирусына қарсы екпені міндетті емес, ерікті негізде жүргізу қажет деп есептейді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!