Алматыда экологиялық көліктердің үлесі келесі жылдың басында 50 пайызды құрайды - Ахметжан Есімов

Фотография - Алматыда экологиялық көліктердің үлесі келесі жылдың басында 50 пайызды құрайды - Ахметжан Есімов

Алматыда 2014 жылы үшінші коммуналдық автобус паркі құрылады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматы қаласының VIII Азаматтық форумында айтты

199 0

Алматыда 2014 жылы үшінші коммуналдық автобус паркі құрылады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматы қаласының VIII Азаматтық форумында айтты - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Желтоқсанда екінші коммуналдық автобус паркін құру жұмыстары аяқталады. 2014 жылы үшінші коммуналдық автобус паркін құру жұмысы басталады. Қазіргі таңда Алматыда 200 автобус газбен жұмыс жасайды, жыл соңына қарай оның қатарына 400 автобус пен 2 экотакси қосылады. Оған биыл жаңадан сатып алынған 195 тролейбус пен 17 трамвайды қосқанда қаладағы жалпы экологиялық көліктегі үлесі биылғы жылдың аяғы мен 2014 жылдың басында 50 пайызды құрайды. Келесі жылы сондай-ақ, метроның бірінші желісінің екінші кезеңі бойынша Сайран-Мәскеу бекеті іске қосылады», - дейді А.Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкі келесі жылы жеңіл рельсті көлік жобасының құрылысына инвесторларға тендер жариялайтын болады. 13 экологиялық бекеттер биыл 67 мың автомобильдерді тексеріп, ауаны ластау көрсеткіші белгіленген мөлшерден жоғары болған 17 мыңнан астамына 70 млн. теңге көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ 63 шақырым газ құбырлары жүргізілген. Жыл соңына дейін жеке меншіктегі тұрғын үйлерді газдандыру жұмысы аяқталмақ, қазір ол 95 пайызды құрап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!