С.Ахметов Халықаралық зпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валды қабылдады

Фотография - С.Ахметов Халықаралық зпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валды қабылдады

Бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметов жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (Халықаралық зпизоотикалық бюро) бас директоры Бернард Валды қабылдады

230 0

Бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметов жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (Халықаралық зпизоотикалық бюро) бас директоры Бернард Валды қабылдады.

Кездесу барысында ХЭБ басшысы С.Ахметовке Ұйымның қызметі туралы және Қазақстанмен әріптестіктің перспективалары туралы айтып берді. Б.Валл сондай-ақ Астанада аусыл ауруы бойынша субаймақтық үйлестіру кеңсесі ашылғанын хабарлады.

ХЭБ кеңсесін құру мақсаты - Орталық Азия елдері мен онымен шекаралас аудандарда аусыл ауруына бақылауды күшейту үшін құзырлы ветеринарлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру.

Премьер-Министр ХЭБ-пен өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, сонымен бірге «ветеринарлық қызметке жаңа стандарттар енгізу, оны жаңғырту мәселесінің Қазақстан үшін аса маңызға ие екенін», айтты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Кездесу соңында тараптар аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының Астана қаласында субаймақтық үйлестіру кеңсесін құру туралы келісімге келді. Оған ХЭБ бас директоры Б.Валл мен Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков қол қойды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!