Қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа заңдық нормалары қарастырылып отыр

Фотография - Қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа заңдық нормалары қарастырылып отыр

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы бойынша жұмыс жүргізу және қорытынды әзірлеу міндеті Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жүктеледі. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осындай шешім шығарған Палатаның қаулысын қолдап, дауыс берді

330 0

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы бойынша жұмыс жүргізу және қорытынды әзірлеу міндеті Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жүктеледі. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осындай шешім шығарған Палатаның қаулысын қолдап, дауыс берді.

Үкіметтің заң жобасына берген берген түсіндірмесіне сәйкес Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы сот төрелігін жүргізудің тиімділігін арттыру, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын сақтау және қорғау кепілдігін нығайту, халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртуға бағытталған.

Осы мақсатта Кодекс жобасында қылмыстық қудалауды бастау рәсімін оңайлату, яғни тергеуге дейінгі тексеруді және қылмыстық істі қозғау сатысын жүргізбеу, тергеу және анықтау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын іс жүргізу әрекеттерін дербес қабылдау жөніндегі өкілеттіктерін тарылту (олардың кінә тағуы алып тасталады, өзге де іс-әрекеттіне прокурор немесе сот санкция береді), адвокаттың сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап қатысуы көзделеді.

Бұдан басқа, сотқа дейінгі іс жүргізу ғана емес, соттағы іс жүргізу де оңайлатылады және жеделдетіледі, өйткені үлкен көлемді тергеу және сот әрекеттерін, көптеген сараптамаларды жүргізудің, куәлер мен сарапшылар шақырудың және т.б. қажеті болмайды.

Кодекс жобасында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу тәртібін қылмыстық сот ісін жүргізу (жасырын тергеу іс-әрекеті) шеңберінде регламенттеу ұсынылады. Сонымен бірге мұндай іс-әрекеттерге прокурордың санкция беруі азаматтардың жеке өміріне заңсыз араласудан оларды қорғауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық сот ісін жүргізуден соттың істі қосымша тексеруге қайтаруы алып тасталады.

Кодекс жобасында жәбірленушіге зиянды өтеудің арнаулы қорының жұмыс істеуі көзделеді, ол қылмыс жасаған кінәлі адамнан өндірілетін міндетті төлем, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылып, тәркіленген мүлікті сату есебінен қалыптастырылатын болады.

Сотқа дейінгі іс жүргізудің сотпен бақылануын кеңейту мақсатында қылмыстық процеске тергеу судьясы институты енгізіледі, оның өкілеттігіне жекелеген тергеу іс-әрекеттеріне санкция беруден басқа, сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде тараптардың шағымдары мен өтініштерін қарауды да енгізу ұсынылады.

Кодекс жобасында жаңа редакциядағы Қылмыстық кодекс жобасымен енгізілетін қылмыстық теріс қылықтарды тексеру мәселелері де реттелді.

Тұтастай алғанда, жаңа қылмыстық процестің ұсынылып отырған моделі кінәлілердің ғана емес, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын барынша қорғауға, бұл ретте сот төрелігінің іргелі негіздерін бұзбастан, оны неғұрлым жедел жасауға тиіс - деп хабарлады ҚазАқпарат

Кодекс жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми, экономикалық және лингвистикалық сараптамалар жүргізілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!