НАТО әскері Қазақстан арқылы шығып жатыр

Фотография - НАТО әскері Қазақстан арқылы шығып жатыр

НАТО-ның АҚШ-тан өзге елдері Ауғанстаннан әскері мен әскери техникасын Қазақстан арқылы шығара бастады деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі (СІМ) Ерлан Ыдырысов

267 0


НАТО-ның АҚШ-тан өзге елдері Ауғанстаннан әскері мен әскери техникасын Қазақстан арқылы шығара бастады деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрі (СІМ) Ерлан Ыдырысов .

"Қазір Ауғанстаннан коалиция әскері шығарыла бастады. Қазақстан - Ресей және аймақтағы өзге де елдер сияқты транзиттік мемлекет. Коалицияның АҚШ-тан өзге Франция және басқа да мүше елдері әскерін шығара бастады" деді министр Ыдырысов.

Оның айтуынша, әскер мен техника Ауғанстаннан оңтүстік және солтүстік бағыттар бойынша шығарылып жатыр.

"Солтүстік бағыт Қазақстан территориясы арқылы өтеді. Қазақстаннан әскер негізінен әуе жолдары арқылы, ал әскери техника құрлықтық жолдармен тасымалданады" дейді сыртқы істер министрі - деп хабарлады azattyq.org

Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері 2014 жылдың соңына дейін шығарылып, ондағы қауіпсіздікті сақтау міндеті ауған күштеріне тапсырылмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!