Әлем бойынша құлдық рейтингінде Қазақстан 85-орында тұр

Фотография - Әлем бойынша құлдық рейтингінде Қазақстан 85-орында тұр

Қазақстан Walk Free Foundation австриялық құқық қорғау ұйымы құрған Global Slavery Index 2013 әлемдік құлдық рейтингінде 85-орында тұр.

312 0

Қазақстан Walk Free Foundation австриялық құқық қорғау ұйымы құрған Global Slavery Index 2013 әлемдік құлдық рейтингінде 85-орында тұр. Walk Free Foundation әр елдегі құлдық деңгейін зерттеу жұмыстарының нәтижесін алғаш ұсынып отыр. Бүгін, 17 қазанда жарық көрген рейтингке құлдық деңгейінің жақсаруына қарай 162 мемлекет енген.

«Меншік құқығына тиесілі кейбір немесе барлық әрекеттерге тап болған тұлғаның жай-күйі немесе жағдайы» деген дәстүрлі анықтамадан бөлек, Global Slavery Index 2013 рейтінгін құрушылар «құлдық» сөзінің мағынасын «кредитке тәуелділік» және «мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығу» ұғымдарымен толықтырыпты, деп жазады Lenta.ru.

Зерттеу авторларының мәліметтеріне сай, Қазақстан аумағында құлдықта жүргендердің саны 44 мың мен 49 мыңның арасында. Халықтың жалпы санына шаққанда бұл көрсеткіш дамыған 50 елдің қатарына енді қосылған Қазақстан сияқты мемлекет үшін жаман емес.

Оған қарағанда посткеңестік көрші елдердің жағдайы әлдеқайда мүшкіл. Айталық, Ресей аталмыш рейтингте 49-орынға жайғасыпты. Зерттеушілердің мәліметі бойынша, бұл елде құлдықта жүргендердің саны 520 мыңға жуық. Жалпы саны 143 млн-нан асатын халыққа шаққанда, РФ үшін бұл жаман көрсеткіш емес, деп өз-өздерін жұбатуға тырысады ресейлік сарапшылар. Алайда, құлдыққа түскендердің жалпы саны жағынан Ресей зерттеуге қатысқан 162 елдің ішінде 6-орында екен. Ал Өзбекстанның жағдайы тіпті мүшкіл, шетелдік зерттеушілер оны 47-орынға орналастырыпты. Әзірбайжан мен Грузия 50 мен 51-орынға сәйкесінше жайғасқан. Бір қызығы, шеруге жиі шығып, биліктен әділдік іздейтін қызу қанды қырғыздар бұл рейтингте бар болғаны 81-орында екен. Қанша толқысада, құлдық деңгейі бойынша жағдайы Ресейге қарағанда тәуірлеу сияқты. Қызу қандылық жағынан кем түспейтін украиндардың да халі бұл рейтінгте біршама тәуірлеу – 86-орын. Ал бауырлас Түркия елі бұл тізімде 90-орынды қанағат тұтқан.

Әлемдік құлдық рейтингінде бірінші орын Мавританияға тиесілі. Оның соңында Гаити, Пәкістан, Үндістан, Непал, Молдавия, Бенин Кот-д'Ивуар, Гамбия мен Габон. Ал құлдық деңгейі ең төмен елдер: Исландия, Ирландия мен Ұлыбритания, бұлар 160-орынды өзара тең бөлісіпті.

Global Slavery Index 2013 авторларының айтуынша, «қазіргі заманғы құл» ұғымына лайық адамдардың саны 29,8 млн-ға жуық. Әлемдік құлдыққа ауқымды үлес қосушы елдердің арасында бірінші орынды Үндістан алып отыр. Онда 13,3-тен 14,7 млн-ға жуық адам құл деп есептелінеді. Екінші орында 2,8-3,1 млн құлы бар Қытай тұр. Үшінші орынға 2-2,2 млн құлы бар Пәкістан орналасыпты. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!