Назарбаев: Жаңа басшы келсе де, аппарат ауыспауы керек

Фотография - Назарбаев: Жаңа басшы келсе де, аппарат ауыспауы керек

 Бұл жөнінде бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен өтіп жатқан кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

177 0

Мен тағайындаған әр басшы артынан шұбыртып «командасын» алып келеді. Бұл жөнінде бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен өтіп жатқан кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері біз мемлекеттік қызметті реформалау бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Әлемдегі тәжірибені мұқият қарадық. Өзімізге лайық жүйе құрдық. Бұрынғы жүйенің барлығы – кеңес кезіндегі жұмыстар. Оның кемшіліктері көп. Заман басқа. Заманға сай елге қызмет етуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент елдің жағдайы жақсарған сайын мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар күшейе беретінін атап өтті

«Мен мемлекеттік қызметкердің кәсіби біліктілігін арттыруды айырықша назарда ұстап келемін. Әрбір жаңа басшыны тағайындасам, не министрлік, не облыс болсын, бұрынғы істеп жүргендердің барлығын жұмыстан босатады да, артынан шұбыртып өзімнің «командам» деп алып келеді. Саяси қызметкерлер жеңген партияның атынан келеді де, жұмысқа отырады. Ал аппарат былқ етпей жұмыс істеуі қажет. Америкада, батыста басшылыққа кім келсе де, бірақ аппарат жұмысын істей береді. Біз де сондай жағдайға келуіміз керек», - деп қадап айтты Елбасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!