Айбатыр Жұмағұлов «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Фотография - Айбатыр Жұмағұлов «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Айбатыр Жұмағұлов тағайындалғандығын мәлім етті

295 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Айбатыр Жұмағұлов тағайындалғандығын мәлім етті.

Бұған дейін ол холдингтің басқарушы директоры қызметін атқарған. Атап айтқанда, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында бірқатар сын-ескертулер мен нақты тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар отырыс барысында Президент «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығына өткір сын айтып, Қ. Бишімбаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында Қ. Бишімбаев банктің басшы қызметкерлері алған пәтерлерін ерікті түрде қайтару мәселесі қарастырылып жатқандығын мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!