Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ-дағы кәсіби қызметі үшін алғыс айтты

Фотография - Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ-дағы кәсіби қызметі үшін алғыс айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің бұрынғы орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіби қызметі үшін алғыс айтты

224 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің бұрынғы орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіби қызметі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде: БҰҰ Бас хатшысы кәсібилігі, ынтымақтастық және достық үшін алғыс айтып, «Менің жүргеім Сізбен айрылысқанына қапалы. Рахмет!», деп жазғанын хабарлаған.

Қ.Тоқаев сондай-ақ БҰҰ-ның бүкіл басшылығына, Женевадағы бөлімінің қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, олардың жанқиярлығы мен кәсіби сапасын атап өткен.

Бұған қосарымыз, швейцариялық өкімет орындары Geneva Opera Pool кезекті театр маусымының гранд-балы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналатынын хабарлады.

2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қ.Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану конференциясы жөніндегі жеке өкілі қызметіне тағайындау туралы шешімін жариялады.

2013 жылғы 16 қазанда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевты палата төрағасына сайлауға дауыс берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!