Табысы жоғары азаматтар «Қолжетiмдi баспана -2020» бағдарламасына қатыса алмайды

Фотография - Табысы жоғары азаматтар «Қолжетiмдi баспана -2020» бағдарламасына қатыса алмайды

Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингi» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.

182 0

Табысы жоғары және өз бетiнше баспана сатып алуға қауқарлы азаматтардың «Қолжетiмдi баспана -2020» бағдарламасына қатысуына шектеу қойылады. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингi» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.

«Болашақта қандай да бiр келеңсiздiктерге жол бермес үшiн Холдинг банктiң жаңа басшылығына тиiстi мiндеттер жүктедi. Нақты айтқанда, банк басшылары мен олардың туыстарына «Қолжетiмдi баспана - 2020» бағдарламасына қатысуға шектеу қойылады. Мысалы, Үкiметпен келiсiлгеннен кейiн бағдарламаға қатысушылардың баспана жағдайын ескеруі туралы шарт енгiзiлмек. Сонымен қатар, табысы жоғары және өз бетiнше баспана сатып алуға қауқарлы азаматтардың бағдарламаға қатысуына шектеу қойылады», - дедi Қ.Бишiмбаев.

«Банктiң қызмет сапасын жақсартудағы тағы бiр маңызды мәселе – халықпен тiкелей жұмыс iстейтiн қаржы институты қызметiнiң жариялылығын қамтамасыз ету. Бұл ретте бизнес-процестердi автоматтандыру және пулды қалыптастыру комиссияларына сатып алушыларды тәуелсiз бақылаушы ретiнде енгiзу көзделiп отыр. Холдинг банктiң маркетинг саясатын өзгерту, кезектердi азайту арқылы банктiң қызмет сапасын арттырмақ», - деп толықтырды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

баспана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!