Ресеймен достығымызды сақтап қалу бізге парыз

Фотография - Ресеймен достығымызды сақтап қалу бізге парыз

Үш тілді білуге жастарымызды тәрбилеуді дұрыс деп санаймын. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

302 0

Үш тілді білуге жастарымызды тәрбилеуді дұрыс деп санаймын. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Үш тілді білуге жастарымызды тәрбилеуді дұрыс деп санаймын. Қазір де, болашақта да солай болу керек»,-деп атап өтті Елбасы.

«Мысалы, дүниежүзінде жыл сайын 10 миллион кітап шықса, соның 85 пайызы ағылшын тілінде басылып жатыр. Сонда біздің жастарымыз білімді қай жерден алады?!»,- деді Президент.

Сонымен қатар Президент орыс тілінен ажырап қалмау керек екенін айтып өтті.

«Ұлы көршімізбен қарым-қатынас еш уақытта қалмайды. Көршіні Құдай береді, яғни көршіні сұрап алмайсың. Атап айтқанда, ата-бабаларымыздан келе жатқан мәңгілік достығымыз бар және оны сақтап қалу бізге парыз», - деп түйді Н. Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!