Басқа бақыт еңбекпен келеді

Фотография - Басқа бақыт еңбекпен келеді

Еңбегіңмен тапқан бір түйір нан тәтті. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты

307 0

Еңбегіңмен тапқан бір түйір нан тәтті. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Еліміздің тәуелсіздігі ұзағынан болуы үшін, біздің көк туымыз мәңгілік желбіреуі үшін, мәңгілік ел болуы үшін келер ұрпақ бізден де жақсы жұмыс істеп, бізден де отанын қатты сүюі керек. Шын жүрегіменен, жаныменен, тәніменен елім үшін, жерім үшін деп, өзім үшін деп еңбек етуі керек. Тек қана еңбекпен бақытты боласың», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, кейбір араб елдері ақшаны халқына таратып беріп, жұмыстан ажыратып алды. Қазір такси жүргізетін де өз адамдары жоқ. Барлық жұмысты шеттен келген азаматтар істейді. Осылайша еңбек етуден қалды. Ал күніне 10 сағат жұмыс істейтін кәрістер бүгінде дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елі болса, демалыстан көз ашпаған грек елінің қазіргі жағдайы белгілі.

«Барлығы еңбекпенен жасалады. Бақыт басыңа еңбекпенен келеді. Өз еңбегімен тапқан бір түйір нан тәтті болады. Бекер келген байлық бекер кетеді. Оның бәрін көріп жүрсіздер», - деді Н.Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!