Жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның ортақ шаруасы

Фотография - Жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның ортақ шаруасы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның ортақ шаруасы. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі барысында партия Төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді

176 0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның ортақ шаруасы. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі барысында партия Төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Елбасының айтуынша, партиялық көшбасшылықтың принципті мәселесі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес. Бұл ретте Н. Назарбаев партия мен құқық қорғау құрылымдарының міндеті сыбайлас жемқорлықпен күресушілерді қорғау екендігін атап өтті. «Мемлекет қазынасынан жұмсалатын әрбір тиын бақылауда болуы керек. Бұл біздің елімізде сыбайлас жемқорлық шектен шығып кетті дегенді білдірмейді. Өйткені, ондай кері құбылыс әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде ең дамыған елдерде де бар нәрсе. Алайда, мұның мөлшері қандай? Күресу жолдары ше? Міне, мәселенің мәнісі осында», - деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай, Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жұмысты одан сайын кең ауқымда жалғастырудың қажеттігін атап өтті. «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру - бұл жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бірі ғана. Бұндай табыс арқылы ол өзінің отбасын жақсы қамтамасыз ете алуы керек. Ондай асырай алмайтын болса, бүкіл өмірін мемлекеттік қызметке арнап та несі бар? Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамның ортақ мәселесі», - деді Н. Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!