«Нұр Отан» партиясының съезі жоғары деңгейде өтті - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фотография - «Нұр Отан» партиясының съезі жоғары деңгейде өтті - Қасым-Жомарт Тоқаев

Билеуші партияның съезі жоғары саяси, идеологиялық және ұйымдастырушылық деңгейде өтті, деп санайды «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

256 0

Билеуші партияның съезі жоғары саяси, идеологиялық және ұйымдастырушылық деңгейде өтті, деп санайды «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Спикердің пікірінше, мемлекетіміздің күн тәртібінде тұрған көкейкесті проблемалар жайында өте қызықты да келелі әңгіме қозғалды.

Партия Төрағасы, Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ерекше әсер қалдырды, онда Елбасы маңызды екі міндетті: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және ғылыми негізделген инновацияны дамыту мәселелерін шешуді алға қойды.

Шын мәнісінде, бұл мәселелер жаһандық сипатқа ие. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі жұмыссыздар саны 200 миллион адамнан асты. Бұған жұмыспен «жасанды түрде» қамтылғандар мен аз төленетін еңбек етіп жүргендерді қосса, лайықты жұмыссыз жүргендер қатары 400 миллионға жетіп жығылады. Сонымен қатар инновациясыз еліміз әлемдегі ең дамыған отыз ел қатарына кіру стратегиялық міндетін орындауы екіталай, сондықтан жұмыстың бұл бағытының өзектілігі өте жоғары - деп хабарлады  baq.kz

  1. Жалпы алғанда Президенттің сөйлеген сөзі өзінің мәні бойынша бағдарламалық болып табылады және қызықты ой-тұжырымдар мен түйіндерге толы. Осыны партия мүшелері қаперге алулары қажет. Олар біздің көпұлтты халықты топтастыруда өте маңызды міндеттерді орындайтын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!