Алматыда қымбатшылыққа қарсылық жиыны өтті

Фотография - Алматыда қымбатшылыққа қарсылық жиыны өтті

19 қазанда Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Лайықты өмір сүру үшін» деген тақырыппен митинг өтті

177 0

19 қазанда Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Лайықты өмір сүру үшін» деген тақырыппен митинг өтті.

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы ұйымдастырған жиынға келгендер қымбатшылыққа, жемқорлыққа қарсы жазулар ұстап тұрды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Митингке жиналған ондаған адамның арасында коммунистік халықтық партиясынан сайланған мәжіліс депутаттары, зейнеткерлер мен жастар болды.

Жергілікті билік рұқсат берген жиында сөйлегендер азық-түлік бағасы мен коммуналдық қызмет түрлеріне төлемді қымбаттатуға, зейнет жасын ұзартуға қарсылық білдіріп, зейнетақы мен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жеңілдіктер енгізіп, жас және көпбалалаы отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету туралы туралы талаптар айтқан - деп хабарлады azattyq.org

Бір сағаттан астам уақытқа жалғасқан митинг жергілікті биліктен алынған рұқсат қағазда белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!