С.Ахметов Арқалық қаласындағы Торғай боксит кен басқармасына барды

Фотография - С.Ахметов Арқалық қаласындағы Торғай боксит кен басқармасына барды

Арқалықта ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Торғай боксит кен басқармасына барды. Үкімет басшысына кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және оны одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабарлады

298 0


Арқалықта ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Торғай боксит кен басқармасына барды. Үкімет басшысына кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және оны одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабарлады.

Премьер-Министр жұмыс бағдарламасы бойынша Арқалық жылу энергетикалық компаниясының ЖЭО-ға барды. Мұнда С.Ахметов жылу энергетика орталығының жөндеу бағдарламаларын жүзеге асыру, ЖЭО-ның өңірді энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге дайындығы барысымен танысты.

Биыл жылу беру маусымына дайындық шеңберінде жоспарланған барлық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарын жөндеуге 132 млн. теңге бөлінді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту» бағдарламасы бойынша 1,41 км жылу желілерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді - деп хабарлады baq.kz

Премьер-Министр сондай-ақ «Агроинтерқұс» кәсіпорнында болды. Индустрияландыру картасын жүзеге асырудың арқасында кәсіпорында жабдықтар жаңғыртылып, өндіріс технологиясы жетілдірілді. Осының бәрі құс фабрикасына болашақта толық қуатқа еніп, жылына 300 млн. астам жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!