«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы Елбасы тапсырмасына сәйкес өзгертілетін болады

Фотография - «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы Елбасы тапсырмасына сәйкес өзгертілетін болады

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес өзгертілетін болады

227 0

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес өзгертілетін болады.

Өткен аптада Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басшылығына өткір сын айтып, Қ. Бишімбаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын - деп хабарлады ҚазАқпарат

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған банктің басшылық қызметкерлері миллиондаған теңге жалақы ала отырып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пәтерлерді жеңілдікпен сатып алған. «Маған жаңа баспана төрағаға, оның орынбасарларына, банктің Алматыдағы филиалының директорына, оның ағасына, департамент директорына, оның апайына бөлінгендігі туралы анықтама берді. Банктің басқарушы директоры, оның ағасы, сондай-ақ кейіннен пәтерді үшінші тұлғаға сыйға тартқан ұлы баспана алған. Мен уақытымды шығындап мынау далбасаны істер іс болмағаннан кейін тізбектеп атап отырғаным жоқ. Мен қарап отырмын, банктің жеңілдікпен пәтер алған 20-дан астам қызметкері бар. Біз сонда банкті оның қызметкерлері үшін құрдық па?» - деді Елбасы.

17 қазан күні «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мәселесіне арналған баспасөз мәслихатына қатысты. Алғашқы жаңалық - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына бұған дейін «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры қызметін атқарған Айбатыр Жұмағұлов тағайындалды. Банк басшылары мен олардың туыстары «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатыса алмайды. «Банк басшылары мен олардың туыстарын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуын шектейтін шаралар қарастыру туралы тапсырма берілген болатын және бұл тапсырмалар қазір орындалуда. Банк басшылығына пәтерлерді өз еркімен қайтару туралы мәселені төтесінен қоямыз. Бұл түйткіл тиісті шешімін таппаса, Елбасының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқару органдары мен прокуратура арқылы сот қарауына жолдайтын боламыз», - деді ол.

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі даму институттарын, қаржы ұйымдары мен ұлттық экономиканы дамытуды басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдары мен ұлттық экономиканы дамытуды басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» жарлығымен құрылды. Холдингтің негізгі қызметі меншік құқығында өзіне тиесілі және сенімді басқаруға тапсырылған ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлесін) басқару болып табылады. Холдинг жеделдетілген инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландырумен айналысады. «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» акционерлік қоғамы холдингтің еншілес компанияларының бірі болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!