«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ заңсыз таратқан пәтерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс

Фотография - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ заңсыз таратқан пәтерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның бұрынғы басшылары туыстарына таратып берген үйлер кері қайтарылуы тиіс. Қайтарылмаған жағдайда іс сот арқылы шешілетін болады

184 0

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның бұрынғы басшылары туыстарына таратып берген үйлер кері қайтарылуы тиіс. Қайтарылмаған жағдайда іс сот арқылы шешілетін болады.

Мемлекет басшысының бастамасымен жолға қойылған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы талай жанның үй мәселесін шешіп беруі тиіс болатын. Қазақстандықтар осы жобаның аясында арзандатылған бағамен пәтер алу мүмкіндігіне де ие болған. Алайда, жүйе о баста ойлағандай пайдасын бере қойған жоқ.

Өткен апта Елбасы дәл осы компанияның жұмысын қатаң сынға алып, былықты дереу тоқтатуын талап еткен болатын. «Маған жаңа пәтерлердің төрағаға, оның орынбасарларына, банктің Алматыдағы филиалы директорына, оның бауырына, департамент директорына, оның әпкесіне берілгендігі туралы мәлімет келді. Пәтерлерді сондай-ақ, банктің басқарушы директоры, оның бауыры және ұлы алған. Соңғысы алған пәтерлерін үшінші тұлғаларға сыйға да тартқан» деді Мемлекет басшысы. Н.Назарбаев сонымен қатар, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаевқа заңсыздықтарды ретке келтіріп, жүйені барынша ашық етуін тапсырды - деп хабарлады baq.kz

Ал, Бишімбаев болса ОҚК брифингі барысында заңсыз үлестірілген осынау пәтерлердің түгелдей мемлекетке қайтарылатындығын мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!