ОҚО-да мақта өндейтін зауыт іске қосылды

Фотография - ОҚО-да мақта өндейтін зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енген нысанның бірі «Ұзын ата мақта» ЖШС мақта өндірісімен айналысатын зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті

233 0

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енген нысанның бірі «Ұзын ата мақта» ЖШС мақта өндірісімен айналысатын зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл туралы ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған іс-шараға ОҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев, Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтуреев, ОҚО Индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқарма басшысының орынбасары Қанат Сыздықов, ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директор орынбасары Олжас Тоғаев, шаруашылық қожалықтарының басшылары т.б. қатысты.

Зауыт құрылысы Шардара ауданының Ұзын ата елді мекенінде 2012 жылы басталған болатын. Мекеме қуаттылығы жылына 40-45 мың тонна тазартылмаған мақтаны өңдейді. Зауыттың жалпы құны 900 млн астам теңгені құрап, оның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 700 млн. астам теңге (5 млн АҚШ доллары) қаржыны «Еуразиялық» банк арқылы жылдық 7%, 7 жыл мерзімге алған.

«Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы сомасы 448 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба жүзеге асырылып, соның арқасында облыс аумағында 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылады - дейді ОҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында облыстан Индустрия және жаңа технологиялар министірлігіне жалпы соммасы 600 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба қосымша жіберілді.

2010-2012 жылдары облыс аумағында 58 жоба іске қосылып, 5 236 жаңа жұмыс орындары құрылған. 2013 жылы 50 жаңа жобаны іске қосып, 4 569 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылда 8 ірі жоба іске қосылып 598 жаңа жұмыс орны ашылған, деді Н.Әлтаев.

Үстіміздегі жылы аталған зауыт ҮИДБ-ға енгізілді.

«Біздің зауыт Оңтүстік Қазақстандағы өндірістік циклы табиғи газбен жұмыс жасап, соның есебінен шығарылатын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне септігін тигізетін жалғыз жоба болып табылады - дейді «Ұзын ата мақта» ЖШС Басқарма төрағасы Бақытжан Тілеужанов. Бұл жобаға ұқсас Қазақстан бойынша мекемелер тапшы.

2012-2013 жылдың мақта жинау маусымында зауытта орнатылған құрал-жабдықты калибрлеу мақсатында тазартылмаған мақтаның 5 мың тоннасы өндірілді. Өндірілген мақтаның нұсқасы Ресей Федерациясы, Қытай, Украина мемлекеттеріне жіберіліп, жоғары сапасына үздік баға берілді - деді Б.Тілеужанов.

Мекемеде тұрақты 200 ден астам жаңа жұмыс орны құрылса, мақта жинау маусымында мекемеде мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылы зауыт басшылығы 5 мың тоннадан астам мақта өңдеуді жоспарлап отыр. Ресей, Қытай және Еуропа елдерімен мақтаны жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойылған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Алдағы уақытта мекеме басшылығы өндірісті ұлғайтып мақта майын, жем қоспаларын, пилеттерді шығаруды, сондай ақ тоқыма өндірісін құруды көздеп отыр. Сонымен қатар, ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мекемеге экспортты қолдау бағдарламалары аясында қолдау көрсететін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!