Әскерге шақыртылатын он баланың жетеуі медициналық тексеруден өте алмай жатыр

Фотография - Әскерге шақыртылатын он баланың жетеуі медициналық тексеруден өте алмай жатыр

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

142 0

Елімізде әскерге шақыртылатын он баланың жетеуі медициналық тексеруден өте алмай жатыр.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жыл сайын мектеп оқушыларының арасында дене шынықтыру бойынша нормативтерді, Президенттік тестті табысты тапсыратындар көрсеткіші төмендеп барады. Мәселен, былтырғы жылы Президенттік тест тапсыруға қатысқан 613 мың мектеп оқушыларының тек 3,6 пайызы ғана оны үздік орындаған. Ал «жақсы» бағаға тапсырғандар он пайыздан сәл асса, қалғаны бұл сынақты мүлдем тапсыра алмаған. «Әскери бөлімдердегі медициналық тексерулерге келсек, мұнда да шақыртылған он баланың жетеуі біздің әскерге қызмет етуге жарамсыз деп танылады. Қазіргі күні агенттік нормативтерге өзгерістер енгізу жұмыстарымен де айналысып жатыр. Сонымен қатар, жеті мыңнан астам жалпы білім беретін мектептердің тек бес жарым мыңы ғана спорттық залдармен қамтылған. Алайда, олардың материалдық техникалық жабдықталуы көңіл көншітпейді. Тіпті ауылдық жерлерде қарапайым спорт құралдары да жетіспейді», дейді Е. Қожағапанов.

Оның айтуынша, келер жылдан бастап еліміздің оқу орындарында дене шынықтыру мен спорттан сыныптан тыс сабақтар желісін кеңейту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу жоспарланып отыр.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!