Еліміздегі жасөспірімдердің 50 пайызға жуығы созылмалы аурулармен ауырады

Фотография - Еліміздегі жасөспірімдердің 50 пайызға жуығы созылмалы аурулармен ауырады

 Бұл туралы бүгін Мәжілісте дене шынықтыру мен спортты дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Гүлнар Ықсанова мәлім етті.

134 0

Бүгінгі таңда еліміздегі жасөспірімдердің 50 пайызға жуығы созылмалы аурулармен ауырады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте дене шынықтыру мен спортты дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Гүлнар Ықсанова мәлім етті.

Депутаттың сөзіне қарағанда, жиі кездесетін созылмалы аурулардың сипатына келсек, олардың басым бөлігі спорт пен дене шынықтыруға белсенділіктің болмауынан туындаған. «Ал мектепте оқу барысында балалардың көру қабілетінің бұзылуы бес есеге артады. Ас қорыту ағзасы мен тірек-қимыл аппаратына қатысты ауруларға шалдығу 3 есеге артады. Соңғы 5 жылда ауру түрлерінің жиілігі да көтеріле түскен. Мәселен, жасөспірімдер арасындағы қан аздығы ауруы 2,3 пайызға өсіп, ересектерге қарағанда бұл көрсеткіштен екі есеге артқан», - дейді Г. Ықсанова.

Бұдан бөлек, депутат жасөспірімдердің әскерге жарамдылық көрсеткіші де төмендеп бара жатқаныын алға тартты. «Денсаулық сақтау министрлігінен мәліметтер сұратқан едік. Соған сәйкес, соңғы 2012 жылғы күзгі шақыртуларға қатысты медициналық жарамдылық деректері бойынша, 104 мың жасөспірімнің 29 мыңы әскерге уақытша жарамсыз болған. Ал 11 мыңнан астамы бейбіт уақыттағы әскери қызметке жарамсыз деп танылған. Яғни, шақыртылған балалардың жартысына жуығы әскер қатарына жарамсыз болып табылады. Бұған көптеген себептер бар. Ал оның бастысы спорттық нысандардың қолжетімсіздігі», - дейді депутат.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!