Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен - Е. Қожағапанов

Фотография - Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен - Е. Қожағапанов

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен

269 0

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі дене шынықтыру мен спортты дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап берген Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, жиын барысында депутат Майра Айсина еліміздегі спорт клубтарына шақырылатын легионерлер мәселесін көтерген болатын. «Шетелдік спортшыларды елге шақырып, оларға қыруар қаражат шығындау көпшілік арасында наразылық тудырмай қоймайды. Бұлардың ел спортындағы рөлі қандай? Ондай мәселені реттеу үшін қандай шаралар қабылдануда?» - деп сұраған болатын М. Айсина.

Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов шетелден легионер шақыру ел спортындағы үлкен тәжірибеге айналғанын жасырмады. «Дегенмен, дамыған мемлекеттердің қай-қайсысында да бұл үрдіс бар. Мәселен, АҚШ жеңіл атлеттер үшін Африка құрлығынан келетін спортшыларға құшақ ашады. Франция да, Ресей де легионерлерді белсенді тартып отыр. Ресейдің өзінде Сочи олимпиадасына АҚШ, Корея, Жапон азаматтарын өз қатарынан шығуға тартып отыр. Бізде де легионерлер баршылық. Алайда, олардың Қазақстанға медальдардан басқа пайдалары да шаш етектен», - дейді агенттік басшысы - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Оның айтуынша, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедовалардың жеңістерінен кейін Қазақстанда қыз балалардың ауыр атлетикаға қызығушылығы күрт артқан. «Мәселен, Жазира Жапаркүл, Надежда Ноғай, Анна Нұрмұхамедовалар ауыр атлетикадан биікке көтеріле бастады. Сондықтан да, легионерлердің өзі біздің ұлттық құрамаға отандық спортшылардың келуіне көп сеп болады әрі олардың ізін сол қазақстандық спортшылар басуда», - деді Е. Қожағапанов.

Сонымен қатар, агенттік төрағасы Сочида өтетін әлемдік додаға қазақстан атынан бірде-бір легионер бармайтынын да алға тартты. «Дегенмен, командалық спортта легионерлер шақырту бар. Алайда алдағы уақытта облыстық командаларда шетелдік легионерлер санын азайтуды қарастырып отырмыз», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!