Үкімет бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жарналарын субсидияландыру туралы заң жобасын енгізуде

Фотография - Үкімет бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жарналарын субсидияландыру туралы заң жобасын енгізуде

 Үкімет парламентке бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жарналарын субсидияландыру туралы заң жобасын енгізуде

170 0

 Үкімет парламентке бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жарналарын субсидияландыру туралы заң жобасын енгізуде, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

 

«Жоба 2014 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыс кезеңіндегі міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды енгізу көзделіп отыр. Әйел азаматтар жұмысы бар кезінде өзінің еңбекақысы есебінен 10 пайыздық міндетті түрдегі зейнетақы жарнасын аударып отыратын болса, ал енді бала тууына және оның күтіміне байланысты демалысқа шыққанда әлеуметтік сақтандыру қорынан бүгінгі таңда 4 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы беріліп отыр. Қалған 6 пайызын біз мемлекеттік бюджет есебінен беруді қарастырып отырмыз», - деді Дүйсенова парламент мәжілісінде заң жобасын таныстыруда.

 

Оның айтуынша, 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау мәселелері қарастырылған - деп хабарлады  newskaz.kz

 

«2014-2016 жылдары бұл мәселеге мемлекеттік бюджеттен 30,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде, 2014 жылы 8,8 млрд теңге бағытталады», - деп толықтырды Т.Дүйсенова

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!