Хан Абылайға ескерткіш орнатылды

Фотография - Хан Абылайға ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Егіндікөл ауылында даңқты қолбасшы Хан Абылайға ескерткіш орнатылды

154 0

Ақмола облысының Егіндікөл ауылында даңқты қолбасшы Хан Абылайға ескерткіш орнатылды,деп хабарлайды Baq.kz.

Биіктігі 3,5 метр болатын ескерткіш мрамордан жасалған. Ескерткіштің авторы танымал сәулетші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мәлік Жүнісов пен сәулетші Амагелді Байғатаров.

Ескерткіштің еңсе көтеруіне жергілікті кәсіпкер Әбілқайыр Ошақбаев демеушілік көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Көкше өңірінде Хан Абылайдың 300 жылдығы тойланып, айтулы шаралар өткен болатын. Ал, Егіндікөл ауылындағы осы ескерткіштің ашылуы сол шаралардың жалғасы болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!