Қазақстанда тоғыз айда 4,6 млн шаршы метр баспана салынды

Фотография - Қазақстанда тоғыз айда 4,6 млн шаршы метр баспана салынды

 Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

159 0

Биыл Қазақстанда тоғыз айда «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

«Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қорытындылай отырып, құрылыс қарқынының өсуін атап өту қажет. Егер 8 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылғыдан төмен болса, 9 айдың қорытындысы бойынша бұл олқылықтың орны толтырылып, жалпы 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, осылайша жылдық жоспардың 69 пайызы орындалған.

«Бұл қарқын өткен жылғыдан 6,8 млн шаршы метр тұрғын үйді артық пайдалануға беруге мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

баспана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!