Қазақстанға Бельгия мен Люксембрг сауда миссиялары келмек

Фотография - Қазақстанға Бельгия мен Люксембрг сауда миссиялары келмек

Бұл туралы бүгiн Елбасы Н.Назарбавқа сенiм хаттарын табыс ету рәсiмiнен кейiн журналистерге берген сұхбатында Бельгия корольдiгiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Мишель Петерманс хабарлады.

173 0

Қараша айында Қазақстанға Бельгия мен Люксембург сауда миссиялары ат басын бұрмақ. Бұл туралы бүгiн Елбасы Н.Назарбавқа сенiм хаттарын табыс ету рәсiмiнен кейiн журналистерге берген сұхбатында Бельгия корольдiгiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Мишель Петерманс хабарлады.

«Келесi айда мен Бельгия мен Люксембург кәсiпорындарын таныстыратын сауда миссиясын қарсы аламын. Олар Қазақстанның бiрқатар аймақтарын аралайтын болады. Бiздiң елдерiмiз арасындағы экономикалық ынтымақтастық өзара тиiмдi болып табылады. Бiр жағынан алғанда, бельгиялық кәсiпорындар экономиканың түрлi салалары бойынша өз тәжiрибесiмен бөлiсе алады. Мысалы, химия, экология, денсаулық сақтау салалары табысты болып табылады», - дедi Петерманс.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!