"Бесоба" тұрғындары жаңа пәтер алады

Фотография - "Бесоба" тұрғындары жаңа пәтер алады

Қарағандыдағы өткен жылы құлаған "Бесоба" көп қабатты үй кешенінің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілмек

131 0

Қарағандыдағы өткен жылы құлаған "Бесоба" көп қабатты үй кешенінің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілмек .

Үкімет отырысында премьер-министр Серік Ахметовтің сұрағына жауап берген Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев уақытша басқа шағын ауданға қоныстандырылған "Бесоба" кешені тұрғындарына  жыл соңына дейін 97 пәтер берілетінін айтқан. Қалған отбасылары 2014 жылы жаңа пәтерге кірмек.

2012 жылы сәуірдің 6-сы күні Қарағанды қаласында сегіз подъезі бар 7-үйдің жартысы – төрт подъезі түгелдей құлап қалған еді. Бұдан соң кешеннің басқа да үйлері апатты жағдайда деп танылып, олардың орнына жаңадан үйлер тұрғызуға шешім қабылданған. Құлаған 7-үйдің тұрғындарына басқа пәтерлер берілді. Апатты жағдайдағы басқа үйлер тұрғындарына уақытша баспана берілген - деп хабарлады azattyq.org

"Бесоба" кешенінің үйлері үлескерлердің ақшасына салынып, 2009 жылы пайдалануға берілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!