ҚазАгро Ресей нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгері бастыру мақсатында трейдинг компаниясын құрды

Фотография - ҚазАгро Ресей нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгері бастыру мақсатында трейдинг компаниясын құрды

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі Ресей нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгері бастыру мақсатында трейдинг компаниясын құрды

289 0

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі Ресей нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгері бастыру мақсатында трейдинг компаниясын құрды.

 

«Жаңа компанияның қызметіне қазақстандық кәсіпорындардың мал шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде экспорттық бағытын анықтау және тасымалдау кіреді, сонымен қатар бірыңғай бренд атауымен етті экспорттаудағы маркетингтік саясатты қалыптастыру», - делінген хабарламада.

 

Компанияның хабарлауынша, бүгінгі күні, уақытында «ҚазАгро» холдингі тарапынан қаржыландырылған отандық кәсіпорындар өз өнімдерін ресейлік нарыққа жеткізуде. Соның ең ірілері - Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы құс» ЖШС күркетауық ет өнімдерін шығаратын құс кешені бүгінгі таңда Ресейге 2 мың тонна құс еті өнімдерін жеткізді, сонымен қатар, Мәскеу мен Саратов облысына тоңазытылған етті жеткізу шартын жасаған Батыс Қазақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС бордақылау алаңы - деп хабарлады  newskaz.kz

 

«Ет өнімдерін арттыру және экспорттау жобасын белсендіру мақсатында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі мал шаруашылығы кластерін құрған болатын. Аталған кластер қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының сапалы мал шаруашылығы өнімдер өндірісін ұлғайту сондай-ақ, өніммен ішкі нарықты толтырумен қатар, экспорттық бағыттарды ұйымдастырудағы күштерін біріктіруі қажет», - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!