Жыл басынан бері Астанада кәсіпкерлер саны 6,5% артты

Фотография - Жыл басынан бері Астанада кәсіпкерлер саны 6,5% артты

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 6,5% көбейіп, 178305 адамды құрады

108 0

Елордада үстіміздегі жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 6,5% көбейіп, 178305 адамды құрады.

Сонымен қатар, қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі артқан. Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3% көбейді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% азайып, 47263 құрады, соның ішінде 6719 заңды тұлға, 40539 жеке кәсіпкер және 5 шаруа қожалығы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!