Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа БҰҰ-дағы қызметі үшін алғыс айтты

Фотография - Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа БҰҰ-дағы қызметі үшін алғыс айтты

Қызметі мен достығына өзінің ризашылығын білдірген Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа жаңа әрі жауапты миссияны жүзеге асыруда ізгі тілектестігін жеткізді

164 0

БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеке хатында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайлануымен құттықтады және БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас Директоры лауазымындағы табысты қызметі үшін алғыс айтты.

«Сіздің Женевадағы орныңыз ерекше болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл жүйесіндегі әріптестерім атынан белсенділігіңіз және ынтымақшылдығыңыз үшін алғысымды білдіремін. Халықаралық қоғамдастық үшін күрделі кезеңде Сіз Женеваны халықаралық қызметтің маңызды торабына, БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі күш-жігері мен көптеген шараларының орталығына айналдыруға ықпал еттіңіз», - делінген БҰҰ Бас Хатшысының жеделхатында.

Қызметі мен достығына өзінің ризашылығын білдірген Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа жаңа әрі жауапты миссияны жүзеге асыруда ізгі тілектестігін жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!