Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өткізілуде

Фотография - Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өткізілуде

Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автокөлік жолдарындағы сынақ учаскелерінде «Микросюрфейсинг» түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды

196 0

Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автокөлік жолдарындағы сынақ учаскелерінде «Микросюрфейсинг» түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды. Жаңа технология жолдың бұзылу үрдісін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады.

«Жолдың бұзылуының алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізгеннен гөрі, ертерек жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі»,-деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Микросюрфейсинг жол жабындысының бірқатар ерекшеліктері бар: суды сіңірмейді, жол сораптарын болдырмайды, жолдың пішінін түзейді, автомобиль көлігінің қозғалыс барысындағы шуылын азайтады. Аталған жол жабындысы ауыр салмақтың түсуіне төзімді келеді және 5 жылға дейін жөндеу жұмыстарын қажет етпейді.

Микросюрфейсинг жабындысы еліміздің климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін 3 облыста: Атырау облысындағы «Атырау -Астрахань» автожолының 18 шақ-да, Алматы облысындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 10 шақ-да, Ақмола облысындағы «Астана қаласының оңтүстік айналма жолының» 10 шақ-да сыналып жатыр.

Сынақ қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда 2014 жылдың көктемінде Микросюрфейсинг жабындысын еліміздің жолдарында кеңінен қолдану басталады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!