Шетелде қақтығыстарда 100-ге таяу қазақстандық жүр

Фотография - Шетелде қақтығыстарда 100-ге таяу қазақстандық жүр

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) айтқан.

167 0

Шет мемлекеттердегі қақтығыс жүріп жатқан аймақтарда 100-ге тарта қазақстандық жүр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) айтқан.

Бұған дейін Youtube-те 150 қазақстандықтың Сирияға жиһадқа барғаны туралы видео пайда болған еді. Арабша субтитрлер жазылған, қазақ және орыс тіліндегі шағын сұхбаттардан тұратын видеодағы адамдар өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайды.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков бұған дейін Сирияға жиһадқа барған 150 қазақстандық туралы видеоны "әлдекімдердің үгіті" деп атаған еді.

"Ол жақта әр өңірлерден кеткен қазақстандықтар бар" екенін айтқан Білісбеков видео жазбаны "үгіттеу мақсатында жасалған, әрі оны біздің азаматтар жасамаған" деп сипаттаған. Ол "ҰҚК азаматтарды ол жақтан қайтаруға, шетелге мұндай мақсатпен кетушілерді бөгеуге әрекет етіп жатқанын" айтқан.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!