Алкоголь өнімдеріне салық 3 есе өседі

Фотография - Алкоголь өнімдеріне салық 3 есе өседі

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті.

180 0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында алкоголь өнімдеріне бақылауды қатаңдатуды тапсырған болатын. Осыған орай, Салық комитетінің төрағасы Ә.Жұмаділдаев журналистермен өткен брифингте алкогольдік өнімдердің акциздерінің көтерілетінін жеткізді.

- «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Парламентке қарауға алкоголь өнімдеріне акциз ставкаларын арттыруды көздейтін заң жобасын енгізді. 2014 жылы 1 литр үшін 1000 теңге, 2015 жылы 1200 теңге, 2016 жылы 1600 теңге ұсынылды. Осылайша, 2016 жылы алкоголь өінмедеріне салық 3,1 есе өседі», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар, Ә.Жұмаділдаев алкоголь өнімдеріне салықты бірден көтеру көлеңкелі нарықтың көбейіп кету қаупімен байланысты екенін атап өтті. Қазіргі уақыттың өзінде алкогольдің көлеңкелі айналымы 25-тен 30 пайызға дейінгі көрсеткішті құрап отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!