Қайрат Мәми жергілікті соттардың жұмысын сынады

Фотография - Қайрат Мәми жергілікті соттардың жұмысын сынады

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен және судьяларымен, судья әдебі жөніндегі өңірлік комиссиялардың жетекшілерімен, облыс орталықтары мен қала маңында орналасқан аудандық соттардың төрағаларымен жұмыс кеңесін өткізді

144 0

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен және судьяларымен, судья әдебі жөніндегі өңірлік комиссиялардың жетекшілерімен, облыс орталықтары мен қала маңында орналасқан аудандық соттардың төрағаларымен жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе республикада сот төрелігін жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі болды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қ. Мәми қазақстандық соттардың ағымдағы жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындылары қысқаша тоқталып, сот жүйесіндегі кезек күттірмей дереу шешуді талап ететін өзекті мәселелерге баса назар аударды.

Мысалы, ақтау үкімдері санының көбеюімен бірге елде күші жойылған және өзгерген сот актілерінің саны үздіксіз өсуде. Республика бойынша сот актілерінің орташа 9,5%-на шағым жасалып, әрбір екінші сот шешімінің күші жойылады.

Тек ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттардың 1796 адамға қатысты үкімдері қате деп танылды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 %-ға жоғары. Жергілікті соттардың 6 мыңға жуық шешімдерінің күші жойылған. Қадағалау және кассациялық сатыдағы соттар Алматы қаласы соттарының 45 шешімін, Астана қаласы соттарының 18 шешімін және Шығыс Қазақстан облысы соттарының 16 шешімін қалпына келтірді.

Қ. Мәмидің айтуы бойынша, өңірлердегі мұндай ахуал кейбір облыстық соттардың жергілікті жерлердегі істің жағдайы үшін жауапкершіліктен шет қалғанын, ал бірінші сатыдағы соттар ешқандай практикалық көмек алмай, өз беттерімен кеткенін дәлелдейді.

"Облыстық соттардағы судьялардың біліктілігі не төмен, не істің дамуында белгілі бір мүдде бар деген ой туады. Осындай сәттер халықтың соттарға деген сенімсіздік пен наразылықты тудырады, - деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы. - Міне, біз сот актілерінің 90 %-дан астамы заңды әрі әділ деп танылғанын мақтанышпен айтамыз. Ал қалған бірнеше пайыз бұл судьялардың кемшілігіндегі тек құрғақ цифр ғана емес, бұл - адам тағдыры. Биыл екі мыңға жуық адам судьялар қателігінің құрбаны болды. Сот билігі беделінің төмендеуі мен судьяларға деген сенімсіздіктің басты себебі осында. Осының нәтижесінде біз қоғаммен түсінісе алмай жүрміз".

Кеңеске қатысушылар Астанада 20 қарашада өтететін Қазақстан судьяларының VI съезінің дайындық барысына ерекше назар аударды. Жоғарғы Сотта форумды ұйымдастыру, ақпараттық және техникалық қолдау жағына жауап беретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Съездің жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Қазақстандық соттардың ішінен 600-ден артық делегат болады. Шетелден Жоғарғы Сот төрағалары басқарған тағы да 20 делегация келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!