Елбасы Оралда Жайық жағалауындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Фотография - Елбасы Оралда Жайық жағалауындағы құрылыс  жұмыстарымен танысты

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Орал қаласындағы Жайық жағалауындағы құрылыс барысымен танысты

163 0

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Орал қаласындағы Жайық жағалауындағы құрылыс барысымен танысты.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін өзен жағалауын абаттандырып, көркейту мақсатында қолға алынған жоба құны - 425,3 млн. теңге. Бұған 2010 жылы жергілікті бюджеттен 105,8 млн. теңге бөлінсе, биыл 311,8 млн. теңге қарастырылды. Мердігер компания «Болашақ-Т» ЖШС (басшысы Хайдар Қощанов) бастапқы кезде ағаштарды шабу, жер қазып, іргетас блоктарын салу, жағалауды бекітумен айналысса, кейін монтаждау, алаң ішіндегі және кіреберіс жолдар, төсемтастар төсеу, субұрқақ, жарықтандыру, шағын мүсіндер, баспалдақтар, пандус, көгалдандыру, балалар ойын алаңы, ротонда сынды жұмыстар қолға алынды. Жағалау көп кешікпей пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ осы жерде Елбасы өңір ардагерлерімен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!