Әлем елдері БҰҰ күнін тойлап жатыр

Фотография - Әлем елдері БҰҰ күнін тойлап жатыр

 БҰҰ-ның Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 20 жыл толды. Осыған орай Мемлекеттік басқару академиясында дөңгелек үстел өтті

223 0

 БҰҰ-ның Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 20 жыл толды. Осыған орай Мемлекеттік басқару академиясында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдармандары, ғылыми және академиялық топ, БҰҰ мен БАҚ мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы 1948 жылы құрылды. Содан бері БҰҰ-ға мүше мемлекеттерде Ұйымның туған күні жыл сайын дәл осы 24 қазанда атап өтіледі. Атаулы мерекені біздің қолға алуымыздың бірден бір себебі – бүгінгі күні Мемлекеттік басқару академиясы дипломаттарды даярлайтын мекеме. Біздің Академияны бітіріп шыққан түлектер алдағы уақытта халықаралық ұйымдарды басқаруға қабілетті мамандар болады деп сенеміз», - дейді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов.

Ректордың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ға кірген уақыттан бастап өзін Ұйымның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде танытты. Бүгінгі таңда елімізде БҰҰ-ға мүше 18 ұйым жұмыс істейді. Олардың негізгілері денсаулық сақтау саласына үлесін қосып отырған – ДСҰ, елдегі білім саласының дамуына мән беретін ЮНЕСКО, сонымен қатар, ЭКОСОС, ЭСКАТО, ЕЭК, ЮНИСЕФ және т.б. ұйымдар бар.

«Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары аяғынан тік тұруына БҰҰ үлкен үлес қосты. Атап айтқанда, ұлттық кадрлар даярлауға, экономиканың түрлі секторларында өзгерістер мен нарықтық реформалар жүргізуге, әкімшілік реформалар мен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, Семей және Арал өңірлерін әлеуметтік-экономикалық оңалтуға, халық денсаулығын жақсартуға едәуір көмек көрсетті. Сол себепті елге сіңірген қызметі үшін Ұйым мамандарына ел атынан алғыс айтамын», - дейді Б.Әбдірәсілов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!