Қазақстан үшін Венгрия - Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі

Фотография - Қазақстан үшін Венгрия - Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Венгрия Мемлекеттік жиынының төрағасы Ласло Кёверді қабылдады

126 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Венгрия Мемлекеттік жиынының төрағасы Ласло Кёверді қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz сайтынан.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстан үшін Венгрияның Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі екеніне тоқталған С. Ахметов: «Біздің елдеріміз арасында берік тарихи әріптестік қатынас орнаған, өзара тауар айналымын арттыру үшін үлкен әлеует бар», - деді.

Тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жандандыра түсуге мүдделі екендіктерін білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!