Бас мүфти АҚШ елшісімен кездесті

Фотография - Бас мүфти АҚШ елшісімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвеймен кездесті.

191 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвеймен кездесті.

Кездесуде әлемдік дәстүрлі діндердің халықтар арасындағы татулықты нығайтудағы рөлі мен маңызы жайлы сөз болды. Бас мүфти еліміздегі мешіттердің жұмысы, медреселер мен діни оқу орындарының кадр дайындау қызметі жайлы баяндап берді. Сонымен қатар, елімізде әр үш жыл сайын өтетін әлемдік дәстүрлі дін көшбасшылары құрылтайының жұмысы мен басқосудың конфессияаралық өзара түсінік қалыптастырудағы үлесін атап өтті. Елші Джон Ордвей Бас мүфтиге Америкадағы мұсылмандардың бүгінгі ахуалы, олардың құқықтық мәртебесі, АҚШ-тағы мешіттердің тыныс-тіршілігі туралы мағлұматпен бөлісті.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!