Минскіде ТМД саммиті басталды

Фотография - Минскіде ТМД саммиті басталды

Минскіде ТМД елдері басшыларының саммиті басталды

185 0

Минскіде ТМД елдері басшыларының саммиті басталды.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, саммитте трансұлттық мәселелер, оның ішінде ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, адам саудасымен күрестің бес жылдық бағдарламасын дамыту жайы талқыланбақ.

Мемлекет басшыларының жиынында киберқылмыс мәселесі де айтылады деген болжам бар.

Владимир Путин кеше Еуразиялық экономикалық кеңестің жиыны арасында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен және Украина президенті Виктор Януковичпен жеке-жеке кездескен.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Янукович Украинаның Еуропа Одағымен тығыз байланыс орнату жайын талқылағанын айтады.

Саммитке Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан басшылары қатысып жатыр. Қырғызстан мен Түркіменстан премьер-министрлерін жіберген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!