С. Ахметов Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады

Фотография - С. Ахметов Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматы облысындағы жұмыс сапары кезінде Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады

156 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматы облысындағы жұмыс сапары кезінде Батыс Алматы автожолы жобасын мақұлдады.

«Бұл жолдың біз үшін маңызы өте зор. Қазір Алматыда транзитік жүк тасымалы қиындады. Өйткені Қорғас-Алматы темір жолының іске қосылуына байланысты жүк тасымалының көлемі ұлғайды. Сондықтан 2014 жылы 74,9 шақырымды консенсустық автожолдың жобалық-сметалық жобасы жасалып, 1-тоқсанда құрылыс жұмыстары басталады. 2017 жылы ол іске қосылған кезде 15 млн. тоннадан астам жүк тасымалдау жоспарлануда», - дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бас менеджері Әли Қарабалин. Оның айтуынша, Батыс Алматы автожолы іске қосылған кезде Жетіген-Қорғас пен Достық торабы бойынша тасымалданатын жүктің көлемі 17-18 млн тоннаны құрайтын болады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!