Бейжіңде Елбасы жайлы очерктердің таныстырылымы өтті

Фотография - Бейжіңде Елбасы жайлы очерктердің таныстырылымы өтті

Бейжің қаласында Махмұд Қасымбековтың қытай тілінде жарық көрген «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының тұсаукесері өтті

212 0

Бейжің қаласында Махмұд Қасымбековтың қытай тілінде жарық көрген «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының тұсаукесері өтті.

2008 жылы жарық көрген кітап қытай тіліне аударылып, ҚХР оқырман қауымына ұсынылып отыр.

Кітап авторы - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы, саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Қасымбеков нақты фактілерден құралған материалдардың, бірегей мұрағаттық құжаттардың, сондай-ақ жеке бақылауының негізінде Мемлекет басшысының көп қырлы тұлғасын адам, азамат, ұлт көшбасшысы ретінде көрсете білген.

М.Қасымбеков көп жылдардан бері Н.Ә.Назарбаевтың қызметі арқылы президенттік институт пен Қазақстан Республикасының жаңа тарихын зерделеумен айналысып келеді. Оның ғылыми және шығармашылық жүгінде ғылыми монографиялар, оқу құралдары, публицистикалық жинақтар, көптеген мақалалар бар.

Олардың қатарында 1990 жылдан бастап Қазақстан Президенті қызметінің хроникасы, 1989 жылдан бастап таңдамалы сөздерінің жинағы және Н.Ә.Назарбаевтың ресми биографиясы сынды көп томды сериялы басылымдар - деп хабарлады  baq.kz

Кітаптың қытай тілінде шығуын Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі ұйымдастарды.

Қытайдың шетелдермен достық халық қоғамының ғимаратында өткен тұсаукесер рәсіміне осы қоғамның басшылары Ли Цзяньпин, Сун Цзинъу, Қытай коммунистік партия Орталық комитетінің, Сыртқы істер министрлігінің, ғылыми және талдау топтарының өкілдері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Қазақстан тарапынан М.Қасымбеков, ҚР ҚХР-дағы елшісі Нұрлан Ермекбаев, қазақстандық БАҚ және академиялық топтың көрнекті өкілдері қатысты.

Таныстырылымға келгендердің ойы бір жерден шықты. Олар Н.Ә.Назарбаев туралы Қытайда пайдалы кітаптың шығуы, оның тұлғасы мен қызметіне деген қызығушылықтың ҚХР ғана емес, әлем бойынша өсіп келе жатқанын атап көрсетті. Кітап қытай дүкендер жүйесіне сатуға түсті.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!